Балабақша туралы
"Бақытты балалық шақ осы жерден басталады!"
Аламан балбақшасы — бұл балаңыздың екінші үйі. Біз 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қауіпсіз, дамытушы және мейірімді орта ұсынамыз. Біздің мақсатымыз — әр баланың жеке қабілетін ашу және оны болашақ өмірге дайындау.


Тәрбиелеу мен оқыту үрдісі
Физикалық қасиеттерді дамыту
Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді қарастырады.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады.
Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дамыту өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру.
Үйірмелер
Ханхожаева Сандигуль Дурунбетқызы
Басшы
Құрметті ата-аналар, әріптестер және сайт қонақтары!
Сіздерді біздің ресми сайтымызда қарсы алуға қуаныштымын!
Балабақша — бұл жай ғана балалар баратын мекеме емес. Бұл — әрбір бүлдіршіннің алғашқы әлеуметтік ортасы, оның тұлға болып қалыптасуының іргетасы қаланатын киелі шаңырақ. Біздің басты мақсатымыз — әрбір баланың балабақша табалдырығын аттағаннан бастап өзін қауіпсіз, жайлы және бақытты сезінуіне жағдай жасау.
Біздің кәсіби ұжым балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, заманауи білім беру әдістемелері арқылы олардың шығармашылық, интеллектуалдық және физикалық қабілеттерін дамыту үшін аянбай еңбек етіп келеді. Біз әр баланың қайталанбас даралығына сенеміз және оның бойындағы талант көзін ашуға тырысамыз.
Ата-ана мен балабақша арасындағы тығыз байланыс, сенім мен серіктестік қана бала тәрбиесінде жоғары нәтиже беретініне кәміл сенемін. Біздің сайт арқылы сіздер балабақшамыздың тыныс-тіршілігімен, жаңалықтарымен танысып, өздеріңізді қызықтырған сұрақтарға жауап ала аласыздар.
Балаңыздың жарқын болашағын бірге қалайық!
Фотогалерея
Байланыс
Контакты
+77753891778
simplenanucosmo@mail.ru
Адрес
Астана қаласы, Сарыарқа ауданы ⁠Күмісбекова 8, HП 10А
Қалай жетуге болады
Сәкен Сейфуллин көшесімен қиылыста орналасқан 10 қабатты «Көктем» тұрғын үй кешені
Made on
Tilda